Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Күні кеше қайырымды жандардың атсалысуының арқасында баспаналы болған 9 жастағы Оразымбет Мырзанның оқиғасы күллі қазақ елін бей-жай қалдырған жоқ. Оған үй кілті табысталып жатқан сәтті көрген жұрт көз жасын тоқтата алмаған. Әлеуметтік желілерде әсерлі видеолар таралуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұдан біршама уақыт бұрын әлеуметтік желілерде кәрі әжесі, көзі көрмейтін анасы және екі жарымжан ағасымен бірге «үй» деуге жарамайтын жерде өмір сүріп жатқан тоғыз жасар Оразымбет Мырзан ел назарына түскен болатын.

Ол халықтан отбасының баспаналы болуына көмек беруді сұрап, «өскенде қайтарып беремін» деп қайсарлықпен уәде еткен еді. Жасөспірімнің оқиғасы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмай, аз уақыттың ішінде «Қарекет» қайырымдылық қоры отбасыға 30 миллионға Шымкент қаласынан 5 бөлмелі баспана алып берді. Оразымбетке баспана кілтінен бөлек анасының еміне арнайы тегін сертификат табысталып, өзіне 5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Сыйды табыстау сәті «Хабар» арнасынан көрсетілген.

Көмекке мұқтаж тағы бір отбасының баспаналы болуы көрермендерді де бей-жай қалдырған жоқ.

Мәселен, әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеода бейтаныс әйелдің эфирді көріп, көз жасын тоқтата алмағанын көруге болады. Желідегі оқырмандардың бірқатары да өз эмоцияларын бөлісіп, Оразымбеттің қуанышына ортақтасып жатқанын айтуда. «Қуаныштан жылап алдық. Балақай анасына қамқоршы. Шаңырақ сендерге құт әкелсін, ағаларың дертінен айырылып, анашыңның көзі ашылып кетсін», «Жыламау мүмкін емес, бәріміз жылап алдық», «Бәріміз жыладық. Қуанып жыладық. Жанашыр жандарға Алла разы болсын», » Менде осы кісі құсап жыладым.

Жақсы адамдар көп болсын. Көрген сайын жылаймын», — деп жазды олар.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: