АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]»Жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылған»: Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі жаңа дерекетермен тергелуде[:]

[:kz]

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығының аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісінің жаңа мәліметтерін анықтады. 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету бойынша ұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін жасау» жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 млрд теңгенің ұрлығына жол берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Атқарылған жұмыстар үшін 1,3 миллиард теңге бөлінген. Алайда жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстары жобаға нақты 83,4 миллион теңге кеткенін анықтады. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылған. Бұл мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Агенттік тергеудің жалғасып жатқанын және тергеу мүддесіндегі басқа ақпараттардың жария етілмейтінін айтты.

Үстіміздегі жылдың 28 мамырында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы санкциямен екі айға қамауға алынды. 29 мамырда Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы журналистердің сауалына бастығының қамауға алынғаны туралы ақпаратын жоққа шығарды, Бірақ ресми дерекке сәйкес ол екі айға қамауға алынды.

[:]