Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әнші Алтынай Жорабаева отағасын жаңа жасымен ерекше құттықтап, оған жаңа ұялы телефон сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Өнер иесі күйеуін қалай құттықтағанын өзінің Instagram парақшасында көрсетті.

Онда әншінің түнгі сағат он екіден кейін үйге келіп, отағасын қуантқанын көруге болады. Ол жолдасы сыйлаған гүлдердің бірін оған ұстатып, өз ақ тілегін айтты. Артынан оны қатты құшақтап алды. Жорабаева сүйіктісіне сыйлық алуды да ұмытпаған. Ол отағасына соңғы үлгідегі Iphone тарту еткен.

«Туған күніңмен, жаным. 00:00- де үлгермей қалдым. Өзі берген үйдегі гүлдің біреусін ала салдым. Сені берген Аллама сансыз мақтаулар мен мадақтар.

Желі қолданушылары туған күн иесі жаңа жасымен құттықтап, ерлі-зайыптыға ақ тілектерін жаудырған. «Бақытты болыңыздар», «Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін», «Алтынай күйеуіңіздің туған күні құтты болсын. Азаматыңыз әрдайым қасыңыздан табылып, сізге қолдауын аямасын», «Туған күндеріңізбен. Көп жасаңыздар», — деп жазуда олар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

kaz.nur.kz

 

Рубрика: