Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Отандық жас актриса Жазира Еркін өзіне қатысты тың мәліметтерді бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Ол өнерге енді ғана келіп, әншілермен бірге жұмыс жасап жүргенде өзі ұялатын әрекеттерге барғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жазира Еркін отандық эстраданың атышулы әншісі Кәмшат Жолдыбаеваның алдында аса ыңғайсыз жағдайға қалған. Ол әртіске лас кесеге шай құйып беріп, қатты ұялып қалғанын айтты.

«Мен телевизияда жұмыс істегенде әншілерге шай құятынмын. Менің жұмысым сол болатын. Шай құюмен айналыстым. Бір күні Кәмшат Жолдыбаева келді. Менен шай сұрады. Мен шай құйып апарып бердім. Бірақ кір кесеге құйыппын. Кәмшат “кесеңіз лас екен, басқа кесеге құйып бересіз бе?» деп кесемді қайтарып берді. Мен ұялып қалдым. Сол үшін әлі де ыңғайсыздық сезінемін», — деді ол «Хит ТВ» арнасына берген сұхбатында.

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: