Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

 

Ресейдегі либералдық-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 75 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр көрінеді. 

Жириновский жетекшілік ететін Либералдық-демократиялық партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, саясаткердің ауруханаға түскеніне екі күн болған.

Telegram-арналар ресейлік саясаткердің өкпесі 50-75 пайызға дейін қабынғанын жазып жатыр. 

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Масанчи көшесіндегі №79 үйде тұрып, 1964 жылдың 3 маусымында Қазақстаннан көшіп кеткен.

 

Рубрика: