Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Instagram желісінде қазақстандық әнші Серік Ибрагимовтың біреумен төбелесіп жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Қос азамат өзара бір мәселеге байланысты келісе алмаған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Ибрагимовтың төбелескен сәтінің видеосы qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда ашуға булыққан өнер иесінің өзге ер азаматпен жұлысып, оған жұдырық көтергенін көруге болады.

Айта кету керек, эстрада жұлдызы бүгінде Қызылорда қаласында кезекті бейнебаянын таспалап жатыр. Желі қолданушыларының болжамынша, аталған оқиға да түсірілім барысында орын алуы мүмкін.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Бірі қос ер адам арасындағы келіспеушіліктің шынайылығына сенсе, енді бірі аталмыш жайт түсірілім барысында алдын ала ойластырылған деп есептейді. «Еркектер ғой, төбелессе не болыпты», «Киноның түсірілім секілді», «Шынайы төбелесіп жатқан сияқты», «Бір әнрсеге келісе алмай, ашуланған ғой», «Жігіттер төбелеседі, ертесіне достасады», «Хайп дейтіндей танымал әнші емес пе», «Әдейі түсірілім кезінде ойлап табылған жайт қой. Клипке деген қызығушылықты арттыру мақсатында істеліп отыр», «Қазақ пен қазақтың жаға жыртысқаны ұят», — деп жазуда көпшілік. 

Алайда, әншінің әлеуметтік желісінде бұл жағдай жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Ол Instagram кеңістігінде тарап кеткен видеоны жүктеп те, оған қатысты пікір де білдірмеген. Т

kaz.nur.kz

Рубрика: