Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Желіде бір мекемеде ер адамның қызмет көрсетуші қызбен сөзге келіп, соңында оған калькуляторды жіберіп қалған видеосы пайда болды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Бұл видео желі қолданушылардың қызу талқысына түсті. Бірі ер адамды жақтаса, екіншілері әйел жағында. Видеода әлденеге көңілі толмаған ер адам өзінің арызын айта бастайды, өзімен салғыласа кеткен қызмет көрсету орнындағы қызға ақырында дауыс көтеріп, алдындағы тұрған калькуляторды жіберіп қалады. Екінші ер адам оны сабырға шақырып, тыныштандыруға тырысады. Қыз құлағын басып, ер адамның артына тығылады.

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бірден тексеру басталды. Қырғызстандағы әріптестеріммен хабарластым, олар оқиғаның сол жақта болғанын растады, ал құқық бұзушы 1992 жылғы А.А. ер адам қазір табылып, Бішкектің Октябрь ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілді, — дейді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.

 

Бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

 

 

Рубрика: