Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым Өзбекстанға сапарлаймын деп ыңғайсыз жағдайға тап болды. Өнер иесі косметикаға бола шекарада бір түн өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қанша кісілер шөппен ұсталып жатыр көз алдымызда. Бізден бір косметика тауып алған еді, соған жібермей тұр. 

 

Енді таңға дейін күтесіңдер, дейді. Біздің қарнымыз аш. Ешқайда шығармай жатыр. Таможняға тамақ алып келетіндер бар ма?», — деп жағдайды түсіндірді Жарқынай Instagram парақшасында. 

 

Әнші өзге елге жұмыс бабымен барған. Ақырында ол сапарластарымен бірге кедендік шекарада таңға дейін отырған


«Қазақ-қазақ деп өзімізді түсіргеннен басқа ештеңе білмейміз. Кеше ғана қазақтың, қазақтан басқа ешкімі жоқ екеніне дәлел жағдай болды. 
Қазақстан шекарасындағы әскери жігіт жан-тәнімен бізге көмектесіп, заң жөнінде де көзімізді ашып, тамағымызға дейін алып кеп берді. Намыстанып, жынданып отыр бізді ұстап отырғандарға. 

Шет жақта қазақтар жұмыла, ұйымшыл бола қалады. Ал өз елімізде бір-бірімізден жаманы жоқ. Ойланайық. Таңғы 10.24. Өзбекстан шекарасында күнәсіз ұсталып отырған Жарқынайдың дәл қазіргі ойлары», — деп жазды Жарқынай.

Рубрика: