Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Шымкентте қайын енесінің бағалы заттарын ұрлаған келін ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құзырлы орган мәліметінше, Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің келіні үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын және 100 АҚШ долларын жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен. Аталған жайт бойынша полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына жұмылды. Оқиға орын алған жерді мұқият қарап, қажетті шараларды жүзеге асырды.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары енесінің заттарын ұрлаған 34 жастағы азаматшаны бір жарым тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді. Тексеру жұмыстары мен сұрақ-жауап алу барысында ұсталған азаматша бұл қадамға үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Сондай-ақ, қолды еткен заттарын өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады. Егер, сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

kaz.nur.kz/society/1952804-zanzal-sebep-boldy-symkentte-enesinin-altyn-buiymdaryn-urlap-satyp-zibergen-34-zastagy-kelin-uyatqa-qaldy/

Рубрика: