Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Саят Медеуовтің жол апатына түскенін хабарлап, оның тез сауығып кетуін тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазған. Ол Саят Медеуовтың қазіргі уақытта қиын жағдайда екенін айтты. Әнші барша халықтан өнер жұлдызы үшін дұғада болуын сұрады. «Саят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз.

Алладан амандығын тілеп қойыңыздаршы ағайын», — деп жазды ол. Скриншот: Instagram/botakerim Айта кетейік, бұған дейін Саят Медеуовтың жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын белгілі композитор Ербол Спаналиев хабарлаған болатын.

 

kaz.nur.kz/

Рубрика: