Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ол татуласуға алғаш болып қадамды өзі жасағанын айтты.

Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен татуласты. Экс-жұбайлар бір жыл дегенде бір-бірін кешіріп, көрісіп сөйлесуге бел буған. Енді олар баланы бірге тәрбиелеп, дос болып қалмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды қос жұлдыз Instagram-да хабарлады.

«Өмір аумалы-төкпелі екенін бәріміз білеміз. Бүгін БІЗ бармыз, ал ертең жоқпыз. Біз отбасы болдық, бірақ енді біз деген жоқ. 

Мен бармын, Ол бар, бүгінімізді тек ұлымыз Назар байланыстырады. Түсініспеушілік, ұрыс, реніш, көз жас болды. Сол сияқты бақыт, қуаныш, жақсы сәттер де болды. 

Бірақ бәрі артта қалды. Тек бүгініміз бар, арамызда достықтан өзге ештеңе жоқ. Осымен өміріміздің бұл парағын алғыспен жабамыз. Менің трансформациям сәтті аяқталды», – деп жазба қалдырды Айжұлдыз Адайбекова.

Ол татуласуға алғаш болып қадамды өзі жасағанын айтты.

Сондай-ақ өмірлік сабақ берген Қыранға алғыс айтты. Өз кезегінде Қыран Талапбек: 

«Өмір сәтті де әрі сәтсіз жобалардан тұрады. Бірде сүрінеміз, бірде қателесеміз.

Бірақ біз тек сәтті жобаларымызды ары қарай дамытуға күш жұмсағанымыз дұрыс деп шештік. Айжұлдызбен отбасы емеспіз. Бірақ “Бала” деген проектіге бірге атсалысамыз. Танысып қойыңыздар. Мини Қыранчик», – деп жазды. 

Ол да Айжұлдызды кешіргенін, оған тек бақыт тілейтінін жеткізді.

Рубрика: