Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркіменстан БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ендігі жерде студенттер президенттің жазған кітабын тастамай алып жүрулері керек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алдағы уақытта сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.

«Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың», – депті тілшіге түсініктеме берген студент.

Түркіменстан президенті Қ.Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келді. Сол уақыттан бері ол 60-тан астам кітап жазған.

”Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: