Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жамбыл облысында 12 жасар қызды 35 жастағы ер адам зорлаған. Қылмыс Меркі ауданында орын алды.  Күдікті оқушымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқан.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлады.

Ер адам жасөспіріммен бірнеше рет кездесіп, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Дегенмен арам ойын іске асырған зорлықшы кейін із суытқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. Сезікті адам Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны және деструктивті діни ағымның өкілі болып табылады. Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.   

Көпшілік оқырманды, 12 жастағы оқушының әлеуметтік желіде 35 жастағы діни ағым өкілінің арбауына қалай түсіп қалғаны шошытты.  

 

 

 

Рубрика: