Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысында ұрылар жол бойында орналасқан дәмхананың жиһаздары мен басқа да қажетті заттарын талан-таражға салған. Аймақтағы дүрбелеңді пайдаланған олар азық-түлік пен бағалы заттарды қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Кешеннің иелері жоғалған заттардың құнын есептеуге кірісіпті. Олардың сөздерінше, ұрлаған жиһаздар мен техниканы қайта орнына қою мүмкін емес. 

 

“Бұл біздің бизнестің екінші бөлігі еді. Міне, түгі қалмай бұзылыпты. Жарылыс қатты болды. Төбесі құлайын деп тұр”, – дейді облыс тұрғыны Жанна Назарбекова. 

Айта кетсек, бір күнде Таразға үш ауылдың 600-ден астам тұрғыны көшірілген. 

“Үстіміздегі бар киіммен қаша жөнелдік. Алғашында жер сілкініп жатыр екен деп ойладым. Әскери бөлімде жарылыс болады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті”, – дейді ауыл тұрғыны Бейсен Жүзгенбаев. 

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 100-ге жуықтағы. Апаттың себебінен 12 адам көз жұмды. 

Рубрика: