АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жаман адамдар тәжірибе береді»: Гүлзира Айдарбекованың жазбасы талқыға түсті[:]

[:kz]

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде жаңа жазбасын бөлісіп, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Қайрат Нұртастың анасы жаман және жақсы адамдардың өзара айырмашылығы туралы жазған. Желі қолданушылары бұл сөздердің кімге арналғанын біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айдарбекованың Instagram парақшасындағы соңғы жазбасы бірден ел талқысына түсті. Белгілі продюсер өмірде кездесетін жақсы және жаман адамдар туралы өз ойын жазған.

«Жақсы адамдар саған бақыт әкеледі.Жаман адамдар тәжірибе береді. Ең жамандары сабақ береді. Ал ең жақсылары естелік қалдырады», — деп жазды ол. Гүлзира Айдарбекованың бұл сөздері желі қолданушыларын ойландырып, үлкен пікірталас тудырды. Қалың көпшілікке аталған жазбаның кімге арналғаны өте қызық болды. Олар бұл жайында продюсердің өзінен сұрап, өз болжамдарын да бөлісті.

Оған қоса, кейбір пікір білдірушілер оның айтқанымен келіспейтіндерін де айтып қалды.

«Керемет айтылған. Өмірден алынған нәрсе ғой», «Бұл жазбаны кімге арнаған екенсіз», «Бұл сөздер нақты бір адамға айтылғандай болып тұр», «Сізді біреу ренжітіп қойған сияқты ма? Әлде біреуге өкпелімісіз?»

, «Мына жазбаңыз қазіргі өмірді сипаттап тұрғандай», «Гүлзира ханым, жаман адамдар болмайды. Тек жаман әдеттері ғана болмаса» , «Жүз жасаңыз, мойымаңыз. Өмір ғой, неше түрлі адамдар болады», -деп жазды көпшілік 

 

kaz.nur.kz

 

[:]