?Р бас прокуроры А.Дауылбаевты?,

Ма??ыстау облысыны? ?кiмi Б.М?хамеджановты?,

Ма??ыстау облысыны? IIД басты?ы генерал М.Жаманбаевты? назарына

Осы хатты жазуыма 19 жаста?ы жал?ыз ?лым Ба?ытбек ?анатбаевты? ?атыгез ?анiшер­лердi? ?олынан ?айтыс болуы ж?не осы ?ылмысты? ашылмауы себеп болды. Жал?ыз ?лымнан айырыл?алы берi азапты к?н­дердi бастан ?ткiзiп жатырмын. Менi? басыма т?скен ?ай?ыны ешбiр ана?а бермесiн. ??лынымды ?л­тiрген ?анiшерлер ?лi талта?дап ж?р. Жергiлiктi за? орындарына деген ?кпем ?ара ?азандай. Облыс?а Бауыржан М?хамеджанов ?кiм болып келгенде, ?уан?андарды? бiрi – менмiн. За? орнында ж?мыс iстеген адам ?ой, адам ?лтiрген ?анiшер­лердi ??ры?тау?а ы?пал етер деп ?мiттендiм. ?лi ?мiтiм ?зiле ?ой?ан жо?. ?кiм де, облысты? полицияны? басты?ы да б?л iстi бiлмейтiн болар, газеттен о?ып, тапсырмасын берер деген ?мiтпен осы ма?аламды жолдап отырмын. 2011 жыл­ды? ?азан айыны? 23-iнен 24-iне ?ара?ан т?нi са?ат 22:15 шамасында ?лым Ба?ыт­бектi? ?ялы телефонына ?о?ырау шалынып, ол бiреумен с?йлестi. Мен ?лымнан “кiм?” деп с?ра?анымда, ол ма?ан: “Бекс?лтан деген досымны? машинасы Жа?а?зенге кiре берiсте б?зылып ?алыпты, соны с?йреп келуiм керек”, – деп, ?йден УАЗ авток?лiгi­мен шы?ып кеттi.
Содан мен жатып ?ал?ан едiм, бiр оянсам, са?ат т?нгi 00:30 бол?ан екен, Ба?ытбек келмептi. ?лымны? ?ялы телефонына ?о?ырау шалдым, “Мама, ?азiр барамын машинаны ?ойдым”, – деп жауап бердi. Мен та?ы да барып жатып ?алдым, бiр кезде к?зiм iлiнiп кетiп, бiр т?р?анымда са?ат 01:30 екен. Содан та?ы да ?лыма ?о?ырау шалып: “?ашан келесi? ?йге? Тез кел!” – дегенiмде, “Мама, мiне бара жатырмын”, – дедi. Арада жарты са?ат ?ткеннен кейiн, я?ни са?ат 02:00 шамасында ?лыма та?ы да ?о?ырау шал­?анымда, телефоны с?н­дiру­лi т?рды. С?йтiп отырып, К?бейсiн деген досыны? ?й телефон н?мiрi есiме т?стi. Сол аралы?та ?йге бiреу телефон со?ты. Телефонды к?тергенiмде: “Ба?ытбек ?йге келдi ме?” – деп с?рады. Мен: “Ол келген жо?. Сен кiм­сi??” – дегенiмде, телефон т?т­?асын ?ойып тас­тады. Мен оны? Аманды? екенiн даусынан таныдым.
?лым келмегеннен кейiн, уайымдап ?кесi сырт?а шы??ан. ?лым УАЗ авто­к?лiгiн орнына ?ой?ан екен, бiра? ?зi жо?. Содан ?кесi бiреу­лердi? ?лымны? авто­к?лiгiн а?тарып жат?анын к?рiптi. ?лымны? Бекс?лтан ж?не К?бейсiн деген достары екен. Олардан: “Не ?арап жатырсы?дар?” – деп с?ра?анда “кiлт iздеп жатырмыз” деген. Ал “Ба?ытбек ?ай­да?” дегенiнде, олар: “Ба?ытбек ауруханада. Басынан аздап жара?ат ал?ан едi, бiра? б?рi жа?сы а?а”, – деп жауап берген.
Са?ат 04:00 шамасында ?йге та?ы да бiреу ?о?ырау шалып: “Ба?ытбек келдi ме?” – деп с?рады. Мен: “Жо?, келген жо?. Сен кiм­сi? ?зi, Аманды?сы? ба? Мен Ба?ытбектi? ?айда екенiн сенен с?райын деп т?рсам”,– дей бергенiмде, та?ы да т?т?аны ?ойып тастады.
Бiр кезде К?бейсiн ке­лiп, бiздi аурухана?а алып кеттi. К?бейсiннен “Ба?ытбекке не болды? Ол неге аурухана?а т?сiп ?алды?” деп с?ра?анымда, К?бейсiн: “Апа, мен еште?е бiлмей­мiн”, – дедi. Ба?ытбек басынан ?атты со??ы алып, сол кезде-а? ?айтыс бол?ан екен.
Д?рiгер ма?ан: Мен сiзге т?сiндiрiп айтайын, бала?ызды жедел ж?рдем авток?лiгiмен алып келген кезде, ?з ая?ымен ж?рiп келiп едi. Менi? с?ра?тарыма да ?зi жауап бердi. Мен одан о?и?аны? ?алай бол­?анын с?ра?анымда, ол ма?ан “Бiз “Бай ауыл” жа?тан келе жат?анымызда, алдымыздан жiгiттер шы?ып, со?­?ы?а жы?ты”, деген. Мен одан “?асы?да?ы Серiк дегендi танисы? ба?” де­генiмде, ол танитынын айтты. Ал Серiк деген бала “оны танымаймын” дедi”, – деп т?сiндiрдi. Мен: “Егер балам ?зi ж?рiп келсе, сiздi? с?ра?ы?ыз?а жауап берген болса, содан кейiн неге тiлге келмедi?” – деге­нiм­де, ол ма?ан: “Басыны? бiр-екi жерi жарыл?ан екен. Соны тiккеннен кейiн с?йлемей ?алды”, – деп жауап бердi.
Ал тергеушi Н?рланны? айтуы бойынша, Ба?ыт­бектi ?ансырап жат?ан жерiнен бiр молда жiгiт к?рiп, жедел ж?рдем ша?ырт­?ан. Менi? балам о?и?а бол­?ан жерде т?ра алмай жатып ?ал?ан. Аурухана?а жедел ж?рдемнен т?сiп, ?з ая?ымен келдi дегенi де адам сенгiсiз.
?лымны? ?асында бол­?ан Серiк атты бала да ?ркiмге ?рт?рлi жауап берiп, ?лымды на?ты кiмдер ?лтiргенiн айтпай отыр. ?лым ?айтыс бол?аннан ?ш-т?рт к?ннен кейiн Ер?али деген досы ?лымны? ?ара т?стi крассовкасы мен к?к т?стi джинси шалбарын алып келдi. Содан бiз: “Б?л киiм­дер­дi ?айдан алды??” – де­генiмiзде, ол ма?ан: “Б?л киiмдердi К?бейсiн берiп жiбердi”, – деп жауап бердi.
Бiз К?бейсiннен де с?рады?. “Мен ол киiмдердi д?рiгерден алдым, д?рiгер­дi танымаймын, т?рiн де ?мытып ?алдым”,– деп жа­уап бердi. Б?л жерде бiр шикiлiк барын iшiм сезедi, ?лымны? ?лiмiне жанында бол?андарды? ?атысы бар деп ойлаймын. Себебi д?рiгер: “Бiз еш­кiм­ге киiм бермеймiз, тек тергеушiге ?ана беремiз”, – дедi.
Бiра? Жа?а?зен ?алалы? IIБ-нi? Н?рлан есiмдi тергеу­шiсi жо?арыда атал?ан се­зiктiлердi «мойындамай отыр» деп, барлы?ын босатып жiбердi. Ендiгi ?мiтiм – облыс ?кiмi Б.М?хамеджанов пен облысты? iшкi iстер департаментiнi? басты?ы, генерал М.Жаманбаевта. ?ылмыскерлер ?стал?анмен, жал?ызымны? ?айтып кел­месiн бiлемiн. Бiра? ?анiшер­лер бостанды?та тайра?дап ж?ргенде, к??iлiм тыныш табатын емес.
А?iлгек С?рсен?алиева,
Жа?а?зен ?аласы,
Ма??ыстау облысы.

Рубрика: