Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина мен Түркия президенттері Владимир Зеленский мен Режеп Тайып Ердоған жексенбі, 24 сәуірде телефон арқылы сөйлесіп, ресей-украин келіссөздері мен қауіпсіздік кепілдіктерін талқылады. Бұл жөнінде Түркия басшысының кеңсесі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ердоғанның тараптардың келіссөздері барысында барлық көмекті көрсетуге дайын екенін білдіргені атап өтілді. Бұған қоса, ол Түркияның Украинаның қауіпсіздік кепілі болуға дайындығы мәселесіне «оң көзқараспен қарайтынын» айтқан.

Сондай-ақ Ердоған Мариупольдегі жаралылар мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып, қаладағы жағдайды «өте қайғылы» деп атаған.

Зеленский өз кезегінде Ердоғанға «Азовсталь» зауытында қоршауда қалған әскерилермен тез арада алмасу қажеттігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, екі ел президенттері Украинаның қорғаныс қабілеті мен Қара теңіздегі кеме қатынасын бұғаттаудан қауіп төніп тұрған жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты. 

Рубрика: ,