Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлеуметтік желідегі пікірінен кейін басы дауға қалған журналист Любовь Панова болған оқиғаға қатысты өз ойын айтты. Журналист желідегі дау кезінде «Вова ағайды көмекке шақыратынын» жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Бұл жағдайдан кейін Алматы полиция Любовь Пановаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүретінін мәлімдеген еді. 

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174 бабында көзделген қылмыс белгілерімен, яғни ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді өткізу Алматы қаласы полиция Департаментінің Тергеу басқармасына жүктелді», – делінген хабарламада. 

Кейін журналист жұмыс істеген радиостанция Пановамен қызметтік қарым-қатынасын үзгенін хабарлады. 

«Любовь Панованың әлеуметтік желідегі пікірі біздің радиостанцияның саясатымен еш байланысы жоқ», — деп мәлімдеді «Европа Плюс Қазақстан».

Ал Панованың өзі ұлтаралық алауыздық қоздырды деген айыпты жоққа шығарды. 

«Мен ұлтшылдық пікірге жауап бердім. Мені қазақтарды, Отанымды жек көреді деп айыптап, елден кетсін дейді. Менің әкем – қазақ, балам – қазақ. Қазақ достарым өте көп. Сондықтан мені не үшін айыптағылары келетінін білмеймін. Менің ойымша, олар алауыздықты қоздырып отырған секілді», — деді Любовь Панова. 

Журналист қызметтен өз еркімен кеткенін де айты. 

«Жұмыстан кету туралы мен өзім шешім қабылдадым. «Русское радио» мен «Европа Плюс Қазақстанға» жасалған шабуылды тоқтату үшін өз еркіммен арыз жаздым. Маған түрлі жағымсыз пікірлер айтылды. Жағдайды ушықтырмау үшін жұмыстан шығу туралы арыз жаздым», — деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ Панова өзімен полицияның байланысқа шықпаған дейді. 

«Құқық қорғау органдарынан ешқандай ескерту болмады, ешқайда шақырған жоқ. Сондықтан қылмыстық істің қозғалғанынан хабарсызбын», — деді. 

Айта кетейік, журналист Любовь Панованың әлеуметтік желідегі пікірі көптің наразылығын тудырған еді. Ол Владимир Путинді елге тәртіп орнату үшін шақыратынын мәлімдеген. 

Рубрика: