Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әлеуметтік желіде Ресейдің тіркеуінде жүрген көліктерге қатысты қазақша мемдер көбейді. Арасында осы мәселеге арнайы әзіл ән шығарғандар да бар, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Танымал блогер Шәкір Бақберген әнші Арғын Аусаровтың «Кірмей қала ма деп қорқамын» деген әніне арнайы сөз жазып, видео түсірген. Онда ол ресейлік көлігін тастап, жаяу жүргенін, көшеге айдап шықса полиция ұстап алатынын жеткізеді.

 

 

Әлеуметтік желіде осы сарындас аудио-видеолар өте көп. Whatsapp желісінде кең таралып жатқан әзілдің бірі — көлігін спорттық киімге ауыстырғысы келетін жігіттің жазбасы. Ол ресейде тіркеуде тұрған көлігінен қалай да құтылудың жолын қарастырып жатыр.

 

 

Бұл трендтен көлік сататын сайттар да қалыспай тұр. Мәселен «Лада» көлігін сатуға шығарған жігіт жарнамаға темір тұлпарын IPhone 13-ке ауыстыратынын жазып қойған.

 

 

Тіпті арасында танымал ақындардың өлеңін пайдаланғандар да бар.

 

 

Мұның бәрін әзіл деп қарастыруға болатын шығар. Дегенмен елдегі көлік жүргізушілерінің мәселесі қазір өзекті болып тұр.

 

 

Рубрика: