Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова көпшіліктің көзінше Жұлдыз Өмірғалиге ұрсып тастады. Желі қолданушылары ашуға булыққан өнер иесінің әрекетін сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дариға Бадықова мен Жұлдыз Өмірғалидің видеосы Instagram желісіндегі пабликтерде тарап кеткен.

Бейнежазбада актриса өзін рұқсатсыз түсірген Айқынның келіншегіне ұрсып тастады. «Түсірмеші мені», — деп кесіп айтты Бадықова. Ал Жұлдыз Өмірғали оған жауап қайтармай, түсірілімді аяқтаған.

Желі қолданушылары бұл видеоны көріп, талқыға салды. Бірі — актрисаның «жұлдыз» ауруына шалдықты деп сөксе, енді бірі бұл жайтты арзан хайпқа теңеді. Кейбір оқырмандар біреуді рұқсатсыз түсіруге болмайтынын алға тартып, Жұлдыз Өмірғалиді де сынап тастаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KAZ STARS 🇰🇿 ЖҰЛДЫЗДАР ⭐️ (@kaz_stars)

«Жұлдыз ауруымен ауырып қалыпты ғой Дариға», «Осы әйелдің әрбір ісі хит болатын болды ғой», «Дариға апай күшті кісі, мықты актриса», «Сахнаға шықпай жатып, образға кіріп жатқан шығар апамыз», «Дұрыс, рұқсатсыз жырбыңдап неге түсіреді», «Әзіл ретінде түсірген ғой, кім сеніп тұр», «Мұндайға ешкімді сендіре алмайды», «Байқашы ұрып жібермесін сені», – деп жазды желідегілер. 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: