Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Франциямен өткен матч жайлы пікір білдірді. Ресми мәлімдемеде федерация тарапының футбол жанкүйерлерден кешірім сұрайтыны және мемлекеттік қаржыландырудан бас тартатыны туралы айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алдымен жанкүйерлерден сәтсіз ойын үшін кешірім сұраймыз. Әр жеңіліс бізге де оңайға тимейді. Негізгі құрамдағы футболшылардың көбі ойнамағандықтан, Франция құрамасына қарсы лайықты ойын көрсете алмадық. Бізде ұлттық құраманың қоры жоқ екенін айта кету керек. Команда көшбасшыларын алмастырғандар халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес еді. 

 

Қоғамдық сынға келер болсақ, өткен және осы жылы Қазақстан футбол федерациясына мемлекеттік бюджеттен 200 миллион теңгеден бөлінді. Бұл қаржы командаларды халықаралық жарыстарға дайындауға жұмсалды. Қандай миллиард туралы айтылуы мүмкін?” – дейді Айтқожин.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап федерация мемлекеттік қаржыландырудан бас тартпақ. 

“Келер жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың қаржыландыруынан бас тарту жайлы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан және серіктестер тарапынан түсетін ақшаға қаржыландырылады. 

Жақын арада қоғамды алаңдатып отырған негізгі сұрақтарға жауап беру үшін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен бірге спорт журналистерімен кездесу өткіземіз», – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілгені айтылған еді. 

Рубрика: