Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбіштің қазіргі таңда қайда екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы демалысында», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та Самат Әбіштің қызметінен босатылып, қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған.  

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны белгілі болды. 

 

Рубрика: