Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті әскери қақтығыстан кейін елді қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 млрд АҚШ доллары қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Мұндай соманы Владимир Зеленский “француздық кәсіпорындар қозғалысына” қарата сөйлеген сөзінде айтты. Украина президенті бұл қаржының нақты емес екенін атап өткен, себебі соғыс әлі жалғасып жатыр. Оның сөзінше, қаржы бірінші кезекте тұрғын үй қорын, оқу орындарын, көлік инфрақұрылымын және порттарды қалпына келтіруге бағытталуы керек.

Бұған дейін Украина билігі елді қалпына келтіруге қажетті қаражат мөлшерін айтқан еді. Атап айтқанда, премьер-министр Денис Шмихал Украинаның одақтастарынан қаржылық қолдау көрсетуді сұрап, бұл ретте елге шамамен 500 миллиард доллар қажет екенін жеткізген. Ал көктемде Зеленский Украинаға шамамен 550 миллиард доллар керек екенін айтқан.

Рубрика: