АЛТЫНОРДА
Иносми

[:kz]Украина Ресейдің келіссөз жүргізу туралы ұсынысын қабылдады [:]

[:kz]

 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге келісті. Украина басшысының баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың Facebook парақшасында хабарлауынша, қазір Киев келіссөздердің өтетін уақыты мен орны бойынша Мәскеумен кеңесіп жатыр.

«Украина атысты тоқтату және бейбітшілік туралы сөйлесуге дайын болды және дайын болып қала береді. Бұл — біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз Ресей Федерациясы президентінің ұсынысына келісім бердік», — деп жазды ол. Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк та Зеленский мен Путиннің Украинаның бейтарап мәртебесін талқылайтынын жоққа шығармады. «Менің ақпаратым бойынша, ертең таңертең олардың қашан және қайда өтетіні белгілі болады деп ойлаймын. Израиль премьер-министрі делдал болуға келісе ме, жоқ па, бұл әлі белгісіз», — деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.

kaz.nur.kz

 

[:]