Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келісті. Ол 28-30 наурызда өтеді. Бұл туралы украин делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап.

Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.

«Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық», — деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.

Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.

14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.

 

Рубрика: