Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қолда бар мәліметтерге қарағанда Украина қарулы күштері қорғанысты бұзып, шабуылға шығып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников қазіргі күндері Ресей армиясының барлық жағынан күйрей жеңіліп жатқанын айтты.

– Бір жетіден бері біздің қорғаушы жігіттеріміз бен қыздарымыздың жанқиярлық ерліктері арқасында жау жаңа майдандардың бәрінде шығынға батуда. Олар жау үшін алынбас қамалға айналды. Мұның өзі басқыншылардың рухтарын түсіруде. Қазір оккупанттардың 6 мыңнан астам солдаты жан тапсырды, – деді ол «Украинская правда» порталына.

Ресейдің экономикалық және ақпараттық соғыстағы шығындары да ұшан-теңіз. Ресейдің ақшасы құнсыз қағазға айналса, Путиннің өкіметі бір аптадан кейін барып әскерлердің қаза тапқанын мойындап, жалпақ жұртқа жария етті.

Ресей әскерінің соғыста жеңіліп жатқанына тағы бір дәлел ретінде БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық сотының басқыншыларға қарсы қылмыстық істерді қозғанын айтуға болады.  Сот 7, 8 наурызда Украинаның Ресейге берген талап арызы бойынша бірінші отырысын өткізеді.

 

Рубрика: