Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей президенті Владимир Путин жақында Киевтің келіссөздерді бастау туралы ұсынысына байланысты Украинада Ресей әскерлерінің алға жылжуын тоқтата тұру туралы бұйрық берді, бірақ Украина тарапы диалогтан бас тартқаны үшін әскери операция қайта басталды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Кеше түстен кейін Украина басшылығымен болатын келіссөздерге байланысты Ресейдің Жоғарғы Бас қолбасшысы мен президенті ресейлік әскерлердің негізгі күштерінің алға жылжуын тоқтатуға бұйрық берді. Украина тарапы келіссөздерден бас тартқандықтан, бүгін түстен кейін операция жоспарына сәйкес Ресейдің негізгі күштерін жылжыту қайта басталды», — деп толықтырды Ресей президентінің баспасөз хатшысы. 

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Ресейдің Киевке негізсіз шарттарды ұсынғанын және мұның елді капитуляцияға мәжбүрлеу әрекеті екенін атады.

Еске салайық, бір күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский Путинге «адам өлімін тоқтату» үшін келіссөздерді бастау туралы ұсыныс білдірді. Жауап ретінде Кремль Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Ресей делегациясын Минскіге жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Рубрика: