Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

41 -ден 17 -ге дейінгі оқ -дәрі қоймасы өртеніп жатыр.

Бүгін 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт орын алған.

Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылған.
Әскери бөлім аумағында болған жарылыстар кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қоймадағы жарылыстар әлі де жалғасуда. Төтенше жағдай маңына жақын тұратын адамдар үйлерін тастап кетіп жатыр. Оқиға орнына арнайы техника тартылған.
Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада тұтанған өртті жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің бір бөлігі оқшауланған.

Сондай-ақ, оқиға орнына Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді.
Ақпарат алуға, сондай-ақ оқиға болған жерді визуалды тексеруге жарылыстар мен өрт кедергі келтіреді.
41 -ден 17 -ге дейінгі оқ -дәрі қоймасы өртеніп жатыр. Қазіргі таңда екі үлкен жарылыс туралы ақпарат бар.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қоймада «алыс қашықтыққа ұшпайтын» инженерлік оқ-дәрілер сақталған. 
Алматыдан Таразға баратын жолдың жабылғаны хабарлануда.
Жаңа мәліметтер бойынша, «Алматы-Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы жауып тастаған. Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржолға да тосқауыл қойылған.

Қорғаныс министрлігі тұрғындардың көшірілгенін ресми түрде растады.
Жамбыл облысының әкімдігі жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау туралы хабарлады. Сонымен бірге Қайнар ауылының халқы да қауіпсіз жерге көшірілуде.
Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді күзету ұйымдастырылды.

Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Рубрика: