АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Түсіріп тұрсың ба, мал?»: Шымкент полицейлері ер адамды балағаттады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Осы факт бойынша патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.

Шымкентте жергілікті полицейлер көлік жүргізушісіне балағат сөздер айтқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицилердің қылығына ашуланған ер адам оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Жарияланған кадрлардан екі полиция қызметкерінің қызметтік көліктің жанында жол жиегінде қалай тұрғанын көруге болады. Бір кездері олар ер адамға кете беруге болатынын айтады, бірақ сонымен бірге олар оны балағаттай бастайды.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның былтыр болғанын айтты.

«Бұл видео 29 қазанда түсірілген. Осы факт бойынша патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлердің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды», — деді Шымкент қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 

[:]