Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркістан облысы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында мәйіті табылған төрт студенттің қазасына не себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, туристердің өкпесі мен тыныс жолдары суға толған. Демек жігіттер өзенге батып кеткен.

Алайда құзырлы орган жігіттердің бір күнде қайтыс болған-болмағанын анықтай алмаған. Тек олардың мәйіті 29 мамыр мен 22 маусым аралығында табылғаны ғана белгілі. Қайғылы оқиғаның себебін анықтауға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Аман қалған үш студент қылмыстық іске куәгер ретінде қатысады. Айта кетері, 25 мамыр сағат 18.30-да «112» пультіне Түркістан облысында тауда жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты.

Үш турист аман-есен отбасымен қауышса, тағы төртеуінің мәйіті табылды.

 

 

Рубрика: