Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мысырдағы Асют губернаторының әл-Хидая ауылында тұмсығы маймылға ұқсас лақ туды. Ерекше жаратылыс жергілікті тұрғындарды шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жануардың иесі ешкісі осындай таңғажайып лақты туғанда аң-таң қалғанын жасырмайды. Десе де мутант туғаннан екі күн өткен соң өліп қалған.

 

Ерекше лақтың суреттері әлеуметтік желілерде тез таралып кетті. Кейбір желі оқырмандары жануардың сұрықсыз бейнесі – екі түрлі жануарларды жақындастыру нәтижесі деп мәлімдеді.

Каир университетінің Ветеринарлық медицина факультетінің деканы Иман Бакр туа біткен ақау ата-аналық гендермен немесе ешкі буаз кезінде токсиндердің әсерінен туындауы мүмкін дейді.

 

Рубрика: