Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Мәдина Сәдуақасова туған күні қарсаңында өзіне сый жасады. 8-ші қыркүйек күні 42 жасқа толатын әнші Түркияның Алания қаласынан үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қуанышты хабарды Мәдина Instagram-да жеткізді.

«Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі бері ақшамызды шаша бермей, әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! 

 

Ал, көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын!» — деп жазба қалдырған Сәдуақасова үйінің видеосын жариялады. 

Бұдан өзге, Сәдуақасова Аланияда әр тұрғын үйдің алдында қауыз (бассейн) бар екенін айтып қуанды. 

«Жылдың кез-келген мезгілінде шомылуға болады. Маған ұнайды», — деді әнші.

Желі қолданушылары Сәдуақасованы жарыса құттықтады. 

«Қай қаладан үй алсаң да сен лайыктысың Мадикош. Әркімнің өз еңбегі», «Құтты болсын! Қазақстанға жау шапса сіздің үйіңізге бірге қашайықшы», «Бар қазаққа жұғысты болсын», — деп жазды оқырмандар.

 

Рубрика: