Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Айта кету керек, ата-ананың рұқсатынсыз балаларға вакцина салынбайды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші болып өз балаларын вакцинациялайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр вакцинация барысында мұғалімдер қадағалау жүргізетінін айтты. Ол ата-ана вакцина салу кезінде баланың жанында болуға міндетті деген шарт жоқ екенін айтты.

«Бақылап отырған мұғалімдер бар, біздің балалар алатын барлық басқа вакциналар дәл осылай жасалады. Біз адамға өмірінде 20 вакцина салынады. Балалар туберкулезге, қызылшаға, паратитке қарсы вакцина алып жүр. Бұл вакцинада да ешқандай өзгеріс жоқ. Балаларға вакцинацияланады, жарты сағат бақылауда болады», — деді Цой.

Министр барлық екпелерді емханалардың білікті дәрігерлері жүргізетінін айтты.

«Олардың барлығында жедел жәрдем қобдишалары бар, бұл ойластырылған нұсқа, егер кенеттен қызарып, бірдеңе болып қалса, олар міндетті түрде жедел жәрдем шақыра алады, барлығына жақын маңдағы емханаларда қызмет көрсетіледі. Ата-ананың рұқсатынсыз балаларға вакцина салынбайды.

Менің вакцина салдыруға рұқсат етілген жастағы ұлым бар. Мен де балаларды вакцинациялау кезеңінің басталғанын к.тіп жүрмін. Бірінші болып балама вакцина салдырамын”, – дейді министр.

Рубрика: