Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Әнші Төреғали Төрәлі таяуда дүниеге келген ұлына Төремұхаммедәли деп ат қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Төреәли ТөреМұхаммедӘли Төреғалиұлы!», — деп жазды ол. 

 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, бұл есімге қатысты пікір жазған.

«Ерекше есім болды ғой, атына заты сай азамат болсын», «Ауыр есім екен. Балаға жеңіл есім қойған дұрыс еді… Есімінің ауырлығы болмай, аман-есен өсіп кетсін», «Негізі өте ауыр есім, дегенмен, соны алып жүре алатындай мықты азамат болсын», «Бауы берік болсын», — деп жазды желі қолданушылары. 

Төреғали Төреәлі 25 маусымда Instagram-парақшасында ұлды болғанын жазған еді. 

Айта кетейік, Төремұхаммедәли — Төреғали мен жары Толқынның бесінші баласы. Олардың Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздары және Төренұр есімді ұлы бар. 

 

 

 

Рубрика: