Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Төртінші ұлдың анасы атанған Салтанат Бақаева перзентханадан шықты. Актрисаны алып кетуге жұбайы мен үш ұлы келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Салтанат ұлына қандай есім берілгенін жариялады. 

«Әбдімәлік Әрсен Нұржанұлы, біздің отбасымызға қош келдің. Папамыз күшті ат таңдап қойды», — деп бөлісті Бақаева. 

Сондай-ақ, әнші толғағы қысқан сәтте түсірілген бейне кадрларды жариялап, елден сөз естіп қалды.


«Жан қиналып жатқанда видео түсіретіндерге ризамын! Не деген шыдамдылық, толғатып жатқанда видео былай тұрсын, біреу жағдайыңды сұраса айқайлап шығасың ғой», «Сізді бұндай видео түсіреді деп ойламаппын», «Неге осындайды саласыздар?» «Сахнаның адамына ұят болып қалды ғой, Салта», — деп жазды желі қолданушылары. 

 
 

Рубрика: