Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алтай қаласының көшелерімен Аяз атаның соңынан жүгірген Шығыс Қазақстан облысының оқушысын құттықтады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның кейіпкері Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы №6 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головен болып шықты.

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдады. Министр хатта Дмитрийдің жыл бойы мұқият оқып, тек төрт пен бес деген баға алғанын айтты.

Одан бөлек, үшінші сынып оқушысының Аяз атамен кездесуі өткен. Алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай министр балаға кітаптар сыйлап, мерекелік демалыс кезінде мүмкіндігінше кітап оқуға кеңес берді. Дмитрийге басқарма басшысының атынан басқа да сыйлықтар табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Асхат Аймағамбетовтың хатының мәтінін жариялады. «Құрметті Дмитрий! Қала көшелерін аралап жүрген Аяз атамен өте қатты кездескің келгенін байқатқан видеоны көрдім.

Сенің жыл бойы төрт пен беске оқығаныңызды анықтап білдім. Сондай-ақ ұстаздарың сенің өте белсенді, жауапкершілігі мол бала екенді айтты.

Маған Аяз атаның артынан жүгіргеннен кейін, сен үшін онымен кездесу ұйымдастырылғанын және саған сыйлық пен тәттілер берілгенін хабарлады.

Құрметті Дмитрий! Мен де сені Жаңа жылыңмен құттықтағым келеді! Әрқашан да батыл болып, алға қойған мақсаттарыңа қол жеткіз! Жақсы оқып, ата-анаңды, ұстаздарыңды қуанта бер. Ал біз сенің сапалы білім алуың үшін барлық жағдайды жасаймыз», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында түсірілген видео тараған болатын. Кадрда бала шананың соңынан жүгіріп: «Тоқта, Аяз ата! Тоқта!» деп айғайлаған еді.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: