Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Белгілі блогер, экс-мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың бұрынғы күйеубаласы Бейбіт Әлібеков партия құрғалы жатыр хабарлайды Dalanews.kz.

Әлібековтің өз аузымен айтылған ақпарат бойынша Жаңа Қазақстанның қабырғасын қаласып, саяси реформаларға қолдау көрсететін партияның аты – “Республика” деп аталады. Саяси ұйым қазіргі саяси курстың өз бағытынан ауытқымай, діттеген жеріне жетуіне жәрдемдеспекші.

 

“Біз партия құруға бел будық. Біздің ұйым саяси реформалардың жақтасы болады”, – дейді Әлібеков.

Оның атап өткеніндей Жаңа Қазақстанның қолтығынан демесу үшін Әлібеков бастаған белсенділер осындай қадамға барған. 

“Билікке жалған ұраншыл, жалпақшешей популистердің келуіне тосқауыл қойғымыз келеді. Ескі Қазақстанның өкілдері билікті басып алып, диктатура орнатудан тайынбайды. Біздің партия бұған тосқауыл қояды”, – дейді блогер.

Әлі тіркеуден өтпеген, бірақ талабы таудай партияның қатарына Әлібековтен бөлек біраз танымал кәсіпкер еніпті.

Рубрика: