Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс экономикалық форумында ауған босқындары туралы күтпеген сұрақ қойылды. Оның не деп жауап бергенін видеодан көріңіз

«Өзбекстан өзбегі мен қауіп төндіруі мүмкін Ауғанстандағы өзбектерді ажырату мүмкін деп ойлайсыз ба? Ұжымдық қауіпсіздік келісімі мен Еуразиялық кеңестің миграциялық ағынды сүзгіден өткізетін нақты механизмі бар ма? Қазір миграциялық ағынның ықтималдығы жоғары», – деді форум модераторы.

«Әрине, ажырату оңай. Қалай десек те біз бәріміз Кеңестер одағынан шықтық. КСРО-да тұрған адамдар мен қазір пост кеңестік аумақта тұрып жатқан азаматтарды ажырату оңай, меніңше», — деді Тоқаев.

 

Ол Сингапурде консулдық қызмет атқарғанда көптеген елдің деллегациясын қарсы алуға тура келгенін айтты.

«Ол кезде «Аэрофлот» тек Сингапурге дейін ұшатын, ары қарай Австралияға, Филиппинге және басқа елдерге… кеңес елінің адамдарына ол жаққа жету үшін бірнеше рейске отыруға тура келді, маған сол деллегацияларды қарсы алу керек болғанда мен оларды оңай ажырататынмын. Бізді (кеңестер одағынан шыққандарды) барлық жерде таниды», — деді ол.

Ал миграциялық билікке, шекарашыларға келер болсақ, бұл олардың кәсіби міндеттері деп атап өтті Тоқаев.

Залдың президент сөзін қалай қабылдағанын видеодан көріңіздер.

https://sputnik.kz/video/20210904/18040854/Tokaev-ozbekstan-Auganstan.html

Рубрика: