Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ArcelorMittal компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен бейнебайланыс арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz.

Президентке компанияның Қазақстанмен одан әрі серіктестік аясында өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару және әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі инвестициялық бағдарламасы мен жоспарлары баяндалды. Сондай-ақ кәсіпорындардағы жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, еңбекті қорғау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы қауіпсіз еңбек ортасын қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтау және қызметкерлерді оқытудың аса маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшылардың лайықты жалақысын қамтамасыз ету қажеттігін де айтты.

Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 2024 жылға қарай атмосфераға шығарындыларды 30 пайызға және 2030 жылға қарай 50 пайызға қысқарту, сондай-ақ осы стратегияны жүзеге асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту бойынша қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.

Рубрика: