Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады”, – деп жазды Уәли.


 

Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін отставкаға кететінін айтқан еді. 

Айта кетсек, әскери қоймадағы қайғылы жағдай 15 адамның өмірін қиды. 100-ге жуық азамат жарылыстың салдарынан жарақат алды.

Рубрика: