Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Маңғыстау облысына іссапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен кездесіп, боксшы Әділбек Ниязымбетовтің қолғабына тілегін жазып қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Гүлмира Қалмұратова есімді қолданушы жазды. «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің мақтанышымыз Әділбекке жылы лебізін білдірді. Былғары қолғапқа арнайы қолтаңбасын қалдырды», — дейді ол.

Айта кетейік, Маңғыстау өңіріне жұмыс сапары барысында президент Ақтаудағы 2500 адамға арналған «Халық Арена» кешеніне барып, жас спортшылармен кездесті. Олардың қатарында дзюдодан Қазақстан жастар командасының жаттықтырушысы Айбек Имашев, бұрынғы боксшы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те бар. Әділбектің былғары қолғабына қолтаңба қалдырған президент төмендегідей тілек жазған: «Олимпиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетовке ізгі тілекпен, ізгі ниетпен. Чемпиондарымыз көп болсын! Спортшыларға жаңа жеңістерді тілеймін!». 

Еске сала кетейік, Әділбек Ниязымбетов бокстан 2012 жылғы Лондон, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. 81 келі салмақта сынға түскен Әділбек Азия ойындары мен Азия чемпионатының, сондай-ақ, әлем чемпионаттарының күміс медалін иеленген. Спортшы 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін кәсіби мансабын аяқтады. Бүгінде ол спорт саласында қызмет етіп жатыр.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: