Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Үндістанда той кезінде 60-тан аса тауық қырылып қалды. Оқиға Баласор қаласында, той өткен орынға жақын жердегі құс фабрикасында болған. Бұл туралы Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анығында, 63 тауық өліп қалған. Мамандардың айтуынша, тауықтардың қырылуына той музыкасы себеп болған. Құс фабрикасының иесі полицияға шағым түсіріп үлгерді. 

Ол той шеруі фабрика жанынан өткен соң, тауықтардың өліп қалғанын шағымында жазған. 

 

«Бірақ күйеу жігіттің достары маған айқайлап, музыканың даусын жоғарылатты. Олар менің құс фабрикамның алдына әдейілеп 15 минутқа тоқтады», – деді фабрика иесі полицейлерге. 

Той тойлаушылар кете салысымен, құстар өліп қалды. Ветеринарлардың айтуынша, тауықтар жүрек талмасына ұшыраған. 

Рубрика: