Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Соңғы жылдары елімізде жаңа туған сәбиін қоқысқа, дәретханаға тастай салатын безбүйрек аналар көбейді. Бірер күн бұрын мұндай жағдай Атырауда орын алды. Ал осыдан 28 жыл бұрын анасы қоқысқа тастап кеткен оралдық жігіт бүгінде қандай адам болғанын айтты. «Ешқандай өкпем жоқ» деген ол бүгінде туған шешесін іздеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қоқысқа тасталған баланың хатын танымал журналист Гүлмира Әбіқай жариялады.

«Көп адам осындай туалетке тастаған, мусорға лақтырған балалардың өмірі ары қарай не болады деп ойлайтын шығар?! Соның бірі мен өзіммін…

 

28 жыл бұрын, Орал қаласында мені туған анам мусорға лақтырып кетіпті. Көп ұзамай сол жерден өтіп бара жатқан жақсы адамдар қыңсылаған даусымды естіп, тауып алып ауылға әкепті. Ол кезде полицияға айту, құжат рәсімдеу жоқ болса керек, мені 13 жыл бала көтермеген көршілерінің етегіне салыпты. Сол кісілерді анам-әкем деп өстім. Тәубә, ешнәрседен тарықпадым, адам болдым, оқыдым, өстім. 
Асырап алған ата-анам өмірден өтті. Сол кезде баяғыда мені тауып алған көршілерім ақиқатты айтып, қолыма бирка табыстады: Исмагулова Роза, 01.05.1993, мальчик деп жазылыпты», — деп жазады жігіт.

 


Ол бүгінде отбасын құрып, үш баланың әкесі атанып үлгерген. Әскери салада қызмет етеді екен. Бар арманы — анасын тауып, тегін, шыққан жерін білу. 

«Дегенмен, туған анаға деген сағыныш, оны табу, бір көру арманым! Оны Сіз орындайтыныңызға сенемін. Анама еш өкпем жоқ, тірі болса көргім келеді, балаларым тегін білсе деймін, бар арманым туған анамды бір көру. 04.10.2021», — деп түйіндеді хатын оралдық жігіт. 

Гүлмира Әбіқай мұрағат пен полицияға сұрау салғанын атап өтті. Ол оралдық оқырмандарын игі іске атсалысуға шақырды. 

 

Рубрика: