Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында финалдық кездесулер бастады. Қазақстан командасына алғашқы алтын медальді Теміртас Жүсіпов алып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 48 келіге дейінгі салмақта финалда бақ сынаған Теміртас Жүсіпов таиландтық Вуттичай Юрачайды ұтып, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл 33 жастағы тәжірибелі спортшының өз мансабындағы ең үлкен жеңісі. Бұған дейін Жүсіпов әлемдік додаларда жүлдеге ілікпеген. Теміртас Жүсіпов Азия чемпионы әрі Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: