Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» деп Елбасына жыр арнаған ақын Балтабек Нұрғалиев енді Қасым-Жомарт Тоқаевқа ән арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады!» — деп жазды ақын Facebook-тегі парақшасында. 

«Темірқазық» атты туындының мәтіні:
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады. 
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!


Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Құрметпен, ән авторы Балтабек Нұрғалиев

 

Рубрика: