Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Педагог оқушыларға Жириновскийдің партиясының атынан сыйлықтар таратқан. Бұл жағдай Наурыз мерекесі қарсаңында болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Экспресс-К сайтына сілтеме жасап.

Ата-аналар ұстаздың бөтен елдің саяси партиясы атынан сыйлық табыстауын түсінбей отыр.

Оқиға Тараздағы нөмірі 13 мектепте болған екен. Мерекеге орай ұстаз сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің «ЛДПР» партиясының аты жазылған ертегілер кітабын сыйлаған.

Сондай-ақ, балаларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де ұсынылған екен. Ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей отыр.

Оқу құралдарының суретін ағам түсіріп жіберді. Не үшін осындай сыйлықтар ұсынылғанын түсінгісі келеді.

Алғашында біз мән берген жоқпыз. Енді неге дәл осындай сыйлықтар берілгенін білгіміз келеді,— дейді Ақбота есімді Тараздың тұрғыны.

”Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: