Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жарылыс болған жерден тағы бір қайтыс болған адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ.

 

«Қорғаныс министрлігінің саперлері ер адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталып жатыр. Жамбыл облысында болған жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті», — деп хабарлады ТЖМ.

Департамент қайтыс болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бар екенін еске салды. Жоғалған бір адамды іздестіру жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Байзақ ауданында қорғаныс министрлігінің қоймасында бірнеше жарылыс болды, одан кейін өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан 15 адам қаза тапты, олардың ішінде әскери қызметшілер, құтқарушылар мен әскери прокурор бар.

Рубрика: