Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қайрат Нұртас ерекше қылығымен елдің көзіне түсті. Хитменнің былғары күртеше мен тәпішке киіп билеген видеосы желіні шулатты, деп жазады Stan.kz. 

Әркез өзіндік стилімен ерекшеленетін Қайрат бұл жолы да қалыс қалған жоқ. Тыңдармандары Қайраттың киіміне бірден назар аударып, талқыға сала жөнелді. 

Соңғы жылы Қайраттың жары Жұлдызбен ажырасқаны жөнінде ел арасында тараған қауесет көп. Алайда әншінің отбасынан бұған қатысты ешкім нақты жауап бермеді. Ал Қайраттың әр әрекетінен астар іздейтін фанаттар бұл жолы да оны «күйзелісте жүр» деп топшылады.

«Қиналып жүрсіз-ау, Жұлдыз ханымды сағынып», «Отбасы бәрінен биік, қанша жұлдыз болсаң да! Жасандылық, өзін-өзі алдау», «Қайрат, күйзелісте жүрсің-ау шамасы», «Тәпішкеңіз күшті екен», «Видеоңыз от», «Стиліңіз жолда қалып кетті ғой биіңізден кейін», — деп пікір қалдырды олар.

 
 

Рубрика: