Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар өз жанұясын көпшілікке таныстырды. Әнші алғаш рет халыққа жары мен қос қызын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ернар Айдар Instagram парақшасында бұрын-соңды жарияламаған отбасылық суреттерімен бөлісіп, елді сүйсінтті. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын әнші бұл жолы жанұясын көпшілікке көрсетуді жөн көрген. Белгілі болғандай, эстрада жұлдызының екі қызы бар екен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝔼ℝℕ𝔸ℝ 𝔸𝕀𝔻𝔸ℝ 🇰🇿 (@ernaraidar_kz)

Үлкені — Айшолпан, ал кішісі — Айым. Әртістің жарының есімі — Мәдина.

«Алланың қалауымен, таныстыратын сәт келген сияқты. Бұл менің отбасым, Аллаға шүкір. Жан жарым, махаббатым — Мәдина. Үлкені, әжесінің қызы — Айшолпан екі жастан асты. Кішкентайымыз — Айым. Ол бір жасқа толды. Ардақты ағайын, көпшілігіңізге белгілі былтырғы жылы тура Мейрамбек ағамның туған қараша күні Айым қызымыз дүниеге келіп, Мейрамбек ағам мен Мархабат жеңгем кіндік ата-анасы болып қатты қуантып еді. Аллаға шүкір, Айым қызымыз бір жасқа толып, ақ тілектерін тыңдау мақсатында кішігірім ағайын-туыс, аға, дос-бауырлардың басын қосқан болатынбыз. Өздеріңіз көріп-біліп отырғандай, Мейрамбек ағам ақ батасын беріп, Мархабат жеңгем тұсауын кесіп берді», — деп жазды Ернар Айдар.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: