Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

50 жастағы танымал әнші Рики Мартин жиенімен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Marca басылымына сілтеме жасап.

Іс бойынша талапкер әншінің туысы, 21 жастағы Деннис Ядиэль Санчес болды. Олардың Мартинмен қарым-қатынасы жеті айға созылған. Осы уақыт ішінде әнші жас жігітке физикалық және психологиялық агрессия көрсеткен.

Мартинге 2 шілдеде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айып тағылған, бірақ ол кезде өтініш берушінің жеке басы белгісіз еді. Әншінің өзі қылмысқа қатысы барын жоққа шығарады.

Рики Мартин 1990 жылдары танымал болды. Өзінің мансабында әнші жеті Грэмми сыйлығын жеңіп алды, 70 миллионнан астам альбом сатты және 95 платина әнін шығарды. 2017 жылы музыкант сириялық суретші Джван Йосефпен некелескен. Ерлі-зайыптылардың суррогат аналардан туған төрт баласы бар.

Рубрика: